Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Jusan Bank ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді банктің мобильді қосымшасында медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі пайда болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде азаматтардың сақтандыру мәртебесін тексеру және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсету үшін алаңдарды кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Бұл жолы Қор Jusan Bank-пен оның мобильді қосымшасында МӘМС туралы ақпарат алу бойынша сервис құру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты – банктің әрбір клиентіне МӘМС жүйесіндегі мәртебені қарау, төлемдердің түсуінің жүйелілігі туралы ақпарат қолжетімді болады.
Тапсырманы іске асыру үшін қажетті техникалық жұмыстар 2025 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған.
«Қор банктермен және басқа ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде. Жүргізілген жарналар туралы ақпарат ала отырып, азаматтар міндетті сақтандыру қызметтерінің пакетін қажет болған жағдайда пайдалану үшін МӘМС-тегі өз мәртебесін бақылай алады», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
«Jusan Bank командасы әрқашан біздің клиенттеріміз үшін ыңғайлы және пайдалы қызметтерді құруға бағытталған. Банктік өнімдерді құру және жақсарту арқылы біз мемлекеттік қызметтер туралы ұмытпаймыз. Азаматтарды МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін тексеру және төлемдерді көрсету жөніндегі сервис Банктің қосымшасында да қолжетімді болады. Клиенттің жайлылығы - біздің басты міндетіміз, және біз осы бағыттағы сервистерді жақсартуды жалғастырамыз», – деп атап өтті Jusan Bank деректерді басқару блогының басқарушы директоры Ержан Малимбаев.
Айта кетейік, МӘМС мәртебесін тексеру сервисі биыл Freedom Bank, Bereke Bank, Home Credit Bank, Еуразиялық банктің мобильді қосымшаларында, ал бұдан бұрын – Халық банк, Kaspi Bank және ЦентрКредит Банкінің мобильді қосымшаларында іске асырылды. Екінші деңгейдегі басқа банктердің мобильді қосымшаларында сервисті орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

21.04.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025